"Росатом" АҚШ-тың ресейлік ураннан бас тартуына дайындалды - ресейлік экономист

Жазылу
АСТАНА, 3 мамыр – Sputnik. Ресей Федерациясынан әкелуге тыйым салатын заң жобасына қарамастан, АҚШ Ресейден келетін байытылған ураннан толық бас тартқан жоқ. Бұл туралы Ұлттық энергетикалық қауіпсіздік қорының ғылыми сарапшысы Станислав Митрахович айтты
"АҚШ ресейлік уранды импорттауға тыйым салды. Біз бұған дайын болдық - біз экспортты Ресейдің атом жобалары бар елдерге бағыттаймыз. Қазір Ресей Мысырда жаңа станция салуда, Түркияда "Аккую" станциясы салынып жатыр, Иран, Қытай және Үндістанмен бірқатар жоба бар. Беларусьте бір атом электр станциясы салынды, мүмкін одан да көп болады. Сондай-ақ еуропалық жоба – Венгриядағы "Пакш-II" атом электр станциясы бар. Ресей жылдам нейтрондық реакторларды жасаумен айналысады, бұл ядролық қалдықтарды барынша азайтуға мүмкіндік беретін өте үлкен техникалық жетістік. АҚШ Ресейді ядролық нарықтан ығыстыруға тырыса ма? Олар әрекеттенуі мүмкін, бірақ олардың ықпалы шексіз емес", - деді өз сұхбатында Ұлттық энергетикалық қауіпсіздік қорының жетекші сарапшысы, РФ Үкіметі жанындағы Қаржы университетінің қызметкері Станислав Митрахович.
АҚШ ядролық секторда Ресейден қалай артта қалды және америкалықтар ресейліктерді қуып жете ала ма? АҚШ "Росатомға" қарсы жаңа санкциялар сала ма? Қазіргі уақытта ресейлік ядролық ғалымдар қандай перспективалық жобаларды дайындауда?
Осы сұрақтардың жауабын видеодан көріңіз.
Жаңалықтар
0