Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украинада әскерге шақыру қағазын пошта арқылы жіберуге рұқсат етілді

Письма - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.05.2024
Жазылу
Шақыру қағазында әскери қызметке міндетті адамның қолтаңбасы болуы талап етілмейді
АСТАНА, 20 мамыр – Sputnik. Украина министрлер кабинетiнің қаулысымен әскери борышын өтеуге мiндеттiлерге шақыру қағазын пошта арқылы жолдауға рұқсат етілді, шақыру қағазын алудан бас тартқан жағдайда да ол тапсырылған болып есептеледi, деп хабарлады РИА Новости.
Украина қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Дмитрий Лазуткин 18 мамырда шақыру қағазы тек қол қоюмен беріледі деп сендірген.

"Заңмен өз деректерін нақтылау үшін берілген 60 күн өткеннен кейін резервтегі әскери қызметшіні немесе әскери міндеттіні әскерге шақыру қағазын пошта арқылы жолдауға рұқсат етіледі", - делінген Украина үкіметінің сайтында жарияланған министрлер кабинетінің қаулысында.

Шақыру қағазында әскери қызметке міндетті адамның қолтаңбасы болуы талап етілмейді.
Украинада мобилизацияны күшейту туралы заң 18 мамырда күшіне енді. Әскери қызмет өткеруге жататын барлық адам құжат күшіне енген күннен бастап 60 күн ішінде әскери комиссариатта өзі туралы мәліметтерді жаңартуға міндетті.
Жаңалықтар
0