Оқиға

ОҚО-да ЖКО салдарынан 2 адам қаза болып, 6 адам жарақаттанды

© Photo : РixabayПредупреждающий знак, поломка машины
Предупреждающий знак, поломка машины - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде оқиға орнында алған ауыр дене жарақаты салдарынан Қазығұрт ауданының тұрғыны 1979 ж.т. "Фольцваген" автокөлігінің жүргізушісі мен 35 жастағы "Киа-Карнивал" көлігінің жолаушысы қаза тапқан.

АСТАНА 21 қыр — Sputnik. Оңтүстік Қазақсан облысында болған жол көлік оқиғасы нәтижесінде 2 адам қаза болып, 6 адам түрлі дәрежедегі дене жарақатын алды деп хабарлайды ОҚО ІІД баспасөз қызметінен.

жол апаты - Sputnik Қазақстан
Оқиға
ОҚО-дағы ірі жол апатынан алты адам қаза тапты
2016 жылдың 21 қыркүйегінде сағат 13 сағат 20 минут шамасында Алматы-Ташкент-Термез тас жолының 732 шақырымда Қазығұрт ауданына бағыт алған "Фольцваген-Джета" мен Шымкент қаласына қарай келе жатқан "Киа-Карнивал" маркалы екі автокөлік соқтығысы орын алған.

Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде оқиға орнында алған ауыр дене жарақаты салдарынан Қазығұрт ауданының тұрғыны 1979 ж.т. "Фольцваген" автокөлігінің жүргізушісі мен 35 жастағы "Киа-Карнивал" көлігінің жолаушысы қаза тапқан.

Сарыағаш ауданының 1986 ж.т. тұрғыны, "Киа-Карнивал" көлігінің жүргізушісі және жолаушылары Өзбекстан Республикасының 1974, 1982, 1984. 1990 және 1991 ж.т. азаматтары түрлі дәрежедегі дене жарақаттарымен Шымкент қаласының ауруханасына жеткізілді.

Аталған жайт СДБТТ тіркеліп, ҚР ҚК 345-бабы 4-тармағымен "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өлеміне әкеп соққан іс-әрекет" қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды.Қазіргі таңда полицейлер ЖКО орын алу барысын анықтауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Жаңалықтар
0