Қоғам

Депутат ҚР-да жаңа синтетикалық есірткілердің пайда болу жылдамдығына алаңдаушылық білдірді

Жазылу
Қазақстан парламенті сенатының (жоғарғы палата) депутаты Серік Ақылбай Қазақстан аумағында тыйым салынған заттар тізіміне жаңа синтетикалық есірткі түрлерін кіргізуді жылдамдатуды талап етті.

АСТАНА, 29 қыр— Sputnik.  Қазақстан парламенті сенатының (жоғарғы палата) депутаты Серік Ақылбай Қазақстан аумағында тыйым салынған заттар тізіміне жаңа синтетикалық есірткі түрлерін кіргізуді жылдамдатуды талап етті.

Өз сауалын ол ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевқа бағыттады.

Есірткі, марихуана. Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Швейцария және ҚР студенттері пәтерде қарасора өсірген. Ұстау сәтінен кадрлар
Ақылбай қазіргі уақытта есірткі айналымына мемлекеттік бақылау "Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы" заңмен реттелетінін айтты. Осы заңмен Қазақстанда бақылауға алынған есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тізімі бекітілген. Бұдан қорытынды шығарған Ақылбай құрамында есірткі бар әрбір жаңа затты толық бақылауға алу оны көрсетілген тізімге енгізгеннен кейін іске асырылатынын атап айтты.

"2010-2011 жылдарға дейін бұл қадам тиімді болды, алайда соңғы жылдары қолданыстағы заңнаманы айналып өту мақсатында белгілі есірткінің химиялық құрамын аздап өзгерту арқылы синтетикалық жолмен психобелсенді заттар белсенді әзірлене бастады", — деді Ақылбай сенаттың жалпы отырысында.

Сенатордың айтуынша, бұндай заттар табиғи есірткімен бірдей қасиеттерге ие, адам ағзасына есірткі заттарымен тең баламалы психикалық әсер етіп, көбінде өлімге дейін әкеледі.

Жаңалықтар
0