Спорт

"Сарыарқа" ЖХЛ-дың жүйелі маусымында 2-ші орынға көтерілді

© Photo : ХК "Сарыарка""Сарыарқа" ХК
Сарыарқа ХК - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қарағандының "Сарыарқа" клубы дүйсенбіде Жоғары хоккей лигасы жүйелі маусымының кезекті көшпелі матчын жеңіп, біріншілік турнир кестесінде өз орнын нығайта түсті.

АСТАНА, 18 қаз — Sputnik. Қарағандының "Сарыарқа" клубы дүйсенбіде Жоғары хоккей лигасы жүйелі маусымының кезекті көшпелі матчын жеңіп, біріншілік турнир кестесінде өз орнын нығайта түсті.

"Сарыарқа" негізгі уақытта осыған дейін ЖХЛ-дың турнир кестесінде екінші орында тұрған Нижний Тагилдық "Спутниктен" 2:1 есебімен басым түстін. 

 Бұл кездесудің алғашқы кезеңінде ойынның екінші минутында есепті қарағандылық Павел Махановский ашты. Екі минут өткен соң нижнетагилдық Евгений Гасников есепті теңестірді. Екінші жиырма минутта Вячеслав Андрюшенко "Сарыарқаны" қайта алға шығарып, жеңіс шайбысын салды. Матчтың соңына дейін басқа гол соғылған жоқ.   


Жаңалықтар
0