Оқиға

Атырауда мемлекеттік кірістер басқармасы басшысы орынбасары пара алу үстінде ұсталды

© SputnikПара алу
Пара алу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шенеунік 130000 теңге көлемінде пара алу үстінде ұсталды.

АСТАНА, 18 қаз — Sputnik. Атырау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының департаменті бірнеше мәрте пара алу фактісі бойынша Атырау мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары әшкереленді деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ведомствосында.

Ведомство мәліметінше, Рзағұлова салық есебін өткізу, есеп шоттарын ашу және т.б. үшін бірнеше кәсіпкерден ақшалай қаражат және материалдық құндылықтар түрінде жүйелі негізде заңсыз сыяпат алып отырған. 

Шенеунік 130000 теңге көлемінде пара алу үстінде ұсталды. 

Қазіргі уақытта ол айыбын толығымен мойындады және үдерістік келісім жасасу туралы өтініш берді. Сот алды тергеу ісі жүргізілуде.

Жаңалықтар
0