Саясат

Елбасы Қарулы күштер мен ҚР Қауіпсіздік кеңесінде бірқатар тағайындаулар жүргізді

© SputnikАқорда
Ақорда - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қайдар Қарақұлов "Астана" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметінде Сұлтан Камалетдиновты ауыстырды. Сондай-ақ, Ерлан Абдақасов Қауіпсіздік Кеңесінің ахуалдық орталығын басқарды.

АСТАНА, 15 қар – Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Астана" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы мен Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығының меңгерушісін тағайындады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. 

Мемлекет басшысының Өкімімен Сұлтан Бүркітбайұлы Камалетдинов басқа жұмысқа ауысуына байланысты "Астана" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды. Бұл қызметке Ерлан Абдақасов тағайындалды. 

Акорда - Sputnik Қазақстан
Экономика
Назарбаев отандық зауыттарды барынша жұмысқа жегуді тапсырды

"Астана" өңірлік қолбасшылығы 2003 жылы құрылған. Ол Ақмола, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан обылыстарының әкімшілік шекараларында орналасқан. Өңірлік қолбасшылық құрамына орталық басқару мен әуе қорғанысы күштері әскеріне бағынатындардан басқа, аумақтық бөліну аумағынан да тысқары орналасқан әскери бөлімдер де кіреді.

ҚР Қауіпсіздік кеңесін Қазақстан Республикасының қорғаныс қабілеті мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мемлекеттік егемендігін, тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын сақтау, елдегі әлеуметтік-саяси тұрақтылықты ұстап тұру, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі Мемлекет басшысының шешімдерін әзірлеу және өкілеттігін іске асыруына жәрдемдесу үшін Қазақстан Республикасының Президенті құратын консультативтік-кеңесші орган болып табылады. 

 

Жаңалықтар
0