Өңірлер

Қазақстанда демалыс күндері 40 градусқа дейін аяз болады деп күтіледі

© Sputnik / Алексей Даничев / Медиабанкке өтуҚыс
Қыс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ауа температурасының төмендеуі ауқымды антициклонның өтуімен байланысты.

АСТАНА, 18 қар — Sputnik. Алдағы демалыс күндері республикада аяз арктикалық ауаның жаңа үлестерінің келуімен күшейетін болады, деп хабарлады "Қазгидромет" метеоқызметі. 

Қыстағы трассы - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Жолдар жабылып, еліміздің бірқатар облысында дауылды ескерту жарияланды

Сібірдің солтүстік аудандары үстінде қалыптасқан суық және ауқымды антициклонның салдарынан Қазақстанда нағыз қысқы ауа райы орнады.

Синоптиктердің болжамында солтүстік, орталық және шығыс облыстарда түнгі температура 30-35º, кей жерлерде 40º аяз, батыста 20-28º аяз күтілуде.

Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында да суық, қар жауу, кей жерлерде өте күшті шығыстық жел, боран күтілуде. Ауа температурасы алдағы үш тәулікте Қазақстанның барлық аумағында климаттық мәннен төмен 13-20ºС сақталады


Жаңалықтар
0