АСТАНА, 20 қар — Sputnik. ҚХЛ тұрақты чемпионатында қонақта өткізген матчта "Барыс" хоккейшілері мәскеулік ЦСКА-дан 2:4 есебімен ұтылды.
Айдын иелері құрамында шайба салғандар: Кирилл Петров (5-минут), Грегг Скотт (30-шы және 43-ші) және Вячеслав Основин (59-шы). "Барыс" құрамасынан Мартен Сен-Пьер (31-ші) және Владимир Маркелов (60-шы) гол соқты.
Осылайша, ЦСКА хоккейшілері 20 қыркүйекте "Барыстан" 4:0 есебімен ұтылып қалғаны үшін қарымтасын қайтарды.
ЦСКА 21 қараша күні өтетін келесі матчта санкт-петербургтік СКА командасына қарсы ойнайды. Ал, "Барыс" 23 қараша күні өз алаңында пекиндік "Куньлунь" командасын қабылдайды.