Саясат

Назарбаев Стамбулдағы террорлық актіге байланысты көңіл айтады

Жазылу
Нұрсұлтан Назарбаев Стамбулдағы екі террорлық актіге байланысты түрік халқына көңіл айтады.

АСТАНА, 11 жел – Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының президенті Режеп Тайип Ердоғанға Стамбул қаласында болған террорлық актіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарланады Ақорданың ресми сайтында. 

Жеделхатта Қазақстан Президентінің террорлық акт туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған.

"Заманауи сын-қатерлер өршіп тұрған алмағайып заманда біз Түркиямен бірге халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін күш жұмылдыруға дайынбыз", – делінген жеделхатта.  

Мемлекет басшысы қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл айтты, сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді. 

Түркия - Sputnik Қазақстан
Әлем
Стамбулдағы терактіден кейін Түркияда қарлы күн жарияланды

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған 11-12 желтоқсанда Қазақстанға сапармен келуді жоспарлап отыр. Қайғылы оқиғадан кейін ол өз жоспарларын өзгертеді ме жоқ па әзірге белгісіз. 

Стамбулдың орталығында екі террорлық акт орын алып, 30-ға жуық адам қаза тапты. Түркияда бір күндік қаралы күн жарияланды. Соңғы деректерге сәйкес, Стамбулдағы екі терактінің құрбандар саны 29-ға жетті. Бұл ретте олардың 27-сі полиция қызметкерлері. Жарылыстардан зардап шеккендер саны 166 адамға өсті. Терактілерде зардап шеккен қазақстандықтар туралы ақпарат жоқ. 

Басылымның ақпараты бойынша, Түркия премьері Бинали Йылдырым бір күндік ұлттық аза тұту туралы жария ететін жарлыққа қол қойды. Ол сондай-ақбұл терактінің жазасыз қалмайтындығы мен бұл шабуылдың халық бірлігін бұза алмайтындығы туралы мәлімдеді.  Стамбулдың орталығында екі теракт болып, 30-ға жуық адам қаза тапты. Бастапқыда Түркия ІІМ басшысы Сулейман Сойлу Астана уақытымен сағат 01.30-да Стамбулдың орталық аудандарының бірі Бешикташтағы "Водафон Арена" стадионы маңында жарылыс орын алғанын хабарлаған. Министрдің ақпаратына сәйкес, жарылыстар орын алған аудандардың бірінде футбол матчының күзетін қамтамасыз еткен полицейлер мінген автобус өтіп бара жатқан. Кейіннен ол екінші жарылыстың болғанын хабарлады. Болжам бойынша жарылысты жанкешті жасаған. Теракт 1,5 сағат бұрын Түркиялық "Бешикташ" және "Бурсаспор" командалары арасында матч өткен стадион маңында орын алды. 


Жаңалықтар
0