Саясат

Астана және Ақмола облысында дауылды ескерту жарияланды

© SputnikАқорда
Ақорда - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Назарбаев Каирдегі террорлық актіге байланысты Мысыр президентіне жеделхат жолдады.

АСТАНА. 12 жел – Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев Мысыр Араб Республикасының Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сисиге Каир қаласында болған террорлық актіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы террорлық акт туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

"Оқиға құрбандарының басым көпшілігі әйелдер мен балалар екені бәрімізді де бей-жай қалдырған жоқ. Қазақстан қауіпсіздік пен бейбітшілікке қатер төндіріп отырған халықаралық экстремизм мен терроризм актілерін қатаң айыптайды. Каирдегі террорлық акт өркениетті әлемде радикалды топтар мен олардың идеологиясына орын жоқ екеніне тағы да көзімізді жеткізді", – делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына, сондай-ақ барша Мысыр халқына Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.


Жаңалықтар
0