Оқиға

Астана мен Ақмола облысында дауылды ескерту жарияланды

© Sputnik / В.Чистяков / Медиабанкке өтуБоран
Боран - Sputnik Қазақстан
Жазылу

АСТАНА, 13 жел – Sputnik. Желдің күшеюіне байланысты Астана мен Ақмола облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарланады "Қазагидромет" метеоқызметінің сайтында. 

Қарлы жаңбыр - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Сейсенбі күні Қазақстанда аздап күн суытып, жауын-шашын түседі деп күтіледі

Астана қаласында 14 желтоқсанда оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с күшейеді, кей уақытта бұрқасын, көктайғақ  сақталады. Ақмола облысының басым бөлігінде 14 желтоқсанда, 15  желтоқсанда кей жерлерде оңтүстік-батыстан соққан жел сақталады күші 15-20, екпіні 23-28 м/с, кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ сақталады.

Сонымен қатар, ауа райының бұзылуына байланысты Алматы облысында 12 желтоқсанда "Үшарал-Достық" авто жолында (83-184) барлық автокөлік түрлері үшін қозғалыс жабылды. 


Жаңалықтар
0