Саясат

Мәскеу Францияның Әбілязов туралы шешімін саясиландырылған деп санайды

© Sputnik / Владимир ТретьяковМұхтар Әбілязов
Мұхтар Әбілязов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Францияның мемлекеттік кеңесі 9 желтоқсанда бұрынғы қазақстандық банкир Мұхтар Әблязовты Ресейге беру туралы декреттің күшін жойды

АСТАНА, 13 жел – Sputnik. Ресейдің бас прокуратурасы бұрынғы қазақстандық банкир Мұхтар Әблязовты экстрадициялауды болдырмау туралы шешімді саясиландырылған деп санайды, деп хабарлайды ресейлік газет қадағалау ведомствосының өкілі Александр Куреннойға сілтеме жасай отырып. 

Ведомство Францияның мемлекеттік кеңесінің шешімін қылмыстық сот өндірісі саласындағы әділ сот пен халықаралық ынтымақтастыққа нұқсан келтіретін, жасалған қылмыстар үшін жазаның қолданылмай қалмайтын принципін бұзатын саясиландырылған деп бағалады. 

Осыған байланысты РФ Бас прокуратурасы франциялық тараптың қабылдаған шешімінің негізсіздігін алға тартып отыр, өйткені ол халықаралық нормаларға сәйкес келмейді және франциялық соттардың бұрын қабылдаған шешімдеріне қайшы келеді. 

Францияның мемлекеттік кеңесі 9 желтоқсанда Әбілязовты Ресейге беру туралы декреттің күшін жойды. Оған бұрын Франция премьер-министрі қол қойған. Қазақстандық БТА Банкінің бұрынғы басшысы 2009 жылы өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалғаннан кейін Қазақстаннан қашып кеткен еді. Ресей мен Украинада да Әбілязовқа қатысты қылмыстық істер қозғалды. Мұхтар Әбілязов 2013 жылы шілде айында француз Альпы тауларында ұсталған, оның жер аударылуын Ресей мен Украина сұрап отыр, өйткені Астана мен Париж арасында экстрадация туралы келісім жоқ. 


Жаңалықтар
0