Әлем

Трамп АҚШ-ты Транстынықмұхиттық әріптестіктен шығаруды тапсырды

© AP Photo / John LocherДональд Трамп
Дональд Трамп - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президент сондай-ақ ТМӘ қатысушыларын АҚШ-тың шығатыны туралы жазбаша хабардар етуді тапсырды.

АСТАНА, 24 қаң — Sputnik. Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамп АҚШ-тың сауда өкіліне Вашингтонды Транстынықмұхиттық әріптестік жөніндегі келіссөздерден шығаруды тапсырды, деп жазады РИА Новости. 

"Мен сізге ТМӘ туралы келісімге қол қойған елдер қатарынан АҚШ-ты шығарып, АҚШ-ты келіссөздерден тұрақты негізде шығаруды, сонымен қатар, мүмкіндік бар жерде америкалық өнеркәсіпке қолдау жасау үшін, америкалық жұмысшыларды қорғау және олардың жалақыларын өсіру үшін екі жақты сауда келіссөздерін бастауды бұйырамын", — делінген АҚШ-тың сауда келіссөздердегі өкілінің атына жазылған меморандумда. 

Трамп сондай-ақ ТМӘ-ға қатысушыларға АҚШ-тың бұл келісімге қол қойған елдер қатарынан, сондай-ақ, келіссөздер процесінен шығатыны туралы жазбаша ескерту жіберуді тапсырды. 


Жаңалықтар
0