Оқиға

Ресейде қазақстандық көпқабатты үйдің терезесінен құлап көз жұмды

© Sputnik / Алексей Мальгавкокөп қабатты үй
көп қабатты үй - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полиция 13-ші қабаттан құлаған 32 жастағы ер адамның қазасының мән-жайын анықтап жатыр

АСТАНА, 26 нау — Sputnik. Болжам бойынша Қазақстан азаматы Санкт-Петербургтегі көпқабатты үйдің терезесінен құлап мерт болған, деп жазады "Фонтанка". 

Қостанайда әйел адам биіктен құлап кетті - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Қостанайда бір күнде екі әйел биіктен құлап кетті

Оның денесін үйдің маңында 25 наурыз күні сағат 14:25-те тапқан.

Қаза тапқан адам Қазақстанның 32 жастағы азаматы екені белгілі болды. Ол жалдап тұрған 13-ші қабаттағы пәтерден құлауы мүмкін. 

Жігіт өлімінің нақты себебін медициналық сарапшылар анықтайды.

Полиция жағдайдың мән-жайын тексеріп жатыр.


Жаңалықтар
0