Қоғам

Димаштың суреті Нью-Йорк орталығындағы үлкен LED экранға шықты

Жазылу
Димаш Құдайбергеннің суреті АҚШ-тың Нью-Йорк қаласының орталық Манхэттен ауданында орналасқан Тайм Сквер алаңындағы ең үлкен LED экранында көрінді

АСТАНА, 30 нау – Sputnik. Қазақ әншісі Димаш Құдайбергеннің суреті АҚШ-тың Нью-Йорк қаласының орталық Манхэттен ауданында орналасқан Тайм Сквер алаңындағы ең үлкен LED экранында көрінді, деп жазды әншінің PR — менеджері Алпамыс Шаримов өзінің инстаграмдағы парақшасында.

"Бұл фотошоп емес! Бұл әлемнің ең жарқын қалаларының бірі Нью-Йорк қаласы, Тайм Сквердегі ең үлкен БАСТЫ ЛЭД дисплей! 101 FM радио медиа орталығы танымал жұлдыздар арасында осы құрметке ие болу үшін бәйге жариялаған болатын. Қазақ баласының әлемдік жанкүйерлері, Dears-тың ықпалымен дауыс беру арқылы Американың төрінде Димаш Құдайбергеннің @kudaibergenov.dimash суреті миллиондарға жария болды! Түрлі ұлт-өкілдер, Тайм Сквердің көпшілігі енді осынау басты экраннан Қазақ әншісін тани алады!" – делінген Шаримовтың хабарламасында.

Айта кетейік, Қазақ әншісі Димаш Құдайберген China Top music Awards сыйлығының "Азияның ең танымал әншісі" номинациясында жеңіске жеткен еді. Top Chinese Music Awards Қытайдағы Грэмми марапаты ретінде танылған.

Димаш Қытайдағы I am a singer байқауының он кезеңін сәтті бағындырып, финалға шықты.  

 

 


Жаңалықтар
0