Оқиға

Қостанайда жоғалып кеткен апалы-сіңлілер іздестіріліп жатыр

CC0 / / жеткіншектер
жеткіншектер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қыздардың жоғалғаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады

АСТАНА, 30 нау – Sputnik. Қостанайда апалы-сіңлілер іздестіріліп жатыр, олардың жоғалғаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады, деп жазады өңірлік "Алау" басылымы. 

"ВКонтакте" желісінің бірнеше тобында екі апалы-сіңлі — 1994 жылы туған Гежа Анжела мен 2001 жылы дүниеге келген Гежа Антонинаның іздестіріліп жатқаны туралы ақпарат пайда болды.  

Олар 25 наурызда Қостанайдан Жуковка кентіне қайтып бара жатқан. Жоғалған қыздарды соңғы рет "Тепличный комбинат" аялдамасында кешкі жетілер шамасында көрген. Анжеланың үстінде ашық қызыл күрте, қара шалбар, қара ала аяқ киім болған. Ал Антонина ақ күрте, джинсы шалбар және етік киген. 


Жаңалықтар
0