Қоғам

Қарағандыда терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өткізіледі

© Photo : Министерство обороны Республики КазахстанҚарағандыда терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өткізіледі
Қарағандыда терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өткізіледі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қала тұрғындары мен қонақтарына сабырлық танытуға кеңес берілді

АСТАНА, 30 наурыз – Sputnik. Қарағандыда бейсенбі күні терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өткізіледі деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.

"Бүгін 2017 жылғы 30 наурыз күні Қарағанды қаласы аумағында терроризм актісін тоқтатып, оның салдарын жою бойынша антитеррорлық оқу-жаттығулар өтеді", — делінген хабарламада. 

Антитеррорлық оқу-жаттығулар - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Атырауда антитеррорлық оқу-жаттығулар өтеді

Ведомство атап өткендей, бұл іс-шараның мақсаты Қарағанды қаласы терроризмге қарсы күрес бойынша жедел штабының күштері мен құралдарының өз міндеттерін орындауға дайындығын тексеру болып саналады. 

"Оқу-жаттығуда әртүрлі күрделі элементтер бар, соғыс жағдайына барынша ұқсатып өткізіледі. Сол себепті қаланың бірқатар көшесі жабылуы мүмкін", — дейді полицияда. 

Сол себепті билік өкілдері қала тұрғындары мен қонақтарынан сабыр сақтап, үрейге бой алдырмауды сұрайды. 

Жаңалықтар
0