Өңірлер

Қарағанды суға кетіп жатыр

© Sputnik / Максим Приводин / Медиабанкке өтусу басу
су басу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қарағанды облысының екі ауданын еріген қар суы басып жатыр

АСТАНА, 30 нау — Sputnik. Қарағанды облысының елді мекендері суға кетіп жатыр. 

Шет ауданының Ағадыр ауылы мен Қарқаралы ауданының Нұркен ауылында бірнеше ауланы су басты. 

"Екі күн бойы өңірде қатты жауын жауды. Оның үстіне қырда қар ери бастады. Су бірден пайда болып, таудан түсіп жатыр", — деді Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаментінде. 

Ведомствоның хабарлауынша, өткен жылы бұл өңір тұрғындары су басу мәселесіне тап болған жоқ. Қазір елді мекендерде ТЖД мен жергілікті атқару органдарының күштері жұмыс істеп жатыр, экскаваторлар тартылған. Судың тасуы бәсеңдеген соң, оны ағызып жіберуге кіріседі. 

ТЖД ақпаратына сәйкес, әзірге тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру қажеттілігі жоқ, бірақ барлық күштер төтенше жағдайға дайын.

"Облыста 54 бақылау бекеті жұмыс істеп жатыр. Қауіпсіз жерге көшіру жағдайында SMS-хабарламалар жіберіп, сонымен қатар интернет ресурстары мен дауыс күшейткіш құрылғылар арқылы ақпараттандыратын боламыз", — деді департаментте. 


Жаңалықтар
0