Қоғам

Назарбаев – кәсіпкерлерге: халықпен ақшаларыңнан кішкене бөлісіңдер

© Sputnik / Болат ШайхиновАқша
Ақша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы кәсіпкерлерге әлеуметтік нысандар соғып, сол жерден адамдарға жұмыс беруді ұсынды

АСТАНА, 26 сәуір — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық кәсіпкерлерді өз елінде қайырымдылық жасауға шақырды. Қазақстан халқы ассамблеясының кезекті сессиясында сөз сөйлеген президент бүгінде ҚХА көптеген қайырымды жандарды біріктіретінін атап өтті. 

"Біз кіші отанымыз "Туған жер" жайында айтып жатырмыз ғой. Қазір Қазақстанда бақуатты адамдар аз емес. Ол жақсы да, біз сондай қоғам жасап жатырмыз. Байысын, сонымен қосы ел байысын, адамдар жұмысқа тұрсын", — деді Назарбаев. Президенттің пікірінше, бақуатты азаматтар туған ауылдарына барып, мектеп, спорт кешенін, жолдар, монша, наубайхана соға алады.

"Біздің барша бизнесмендерге жүгінгім келеді: Үкімет, мемлекет сол ақшаны табу үшін жағдай жасады. Енді сол қаражаттан кішкене халықпен де бөлісіңіздер", — деп ұсынды мемлекет басшысы. 

 

 

Жаңалықтар
0