Қоғам

Астанада "Жаужүрек полкі Астана – Бейбітшілік марш" шеруі өтеді

© ИА Новости-КазахстанАрдагерлер
Ардагерлер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шеру "Қазақ елі" монументінен басталып, "Отан қорғаушылар" мемориалында аяқталады.

АСТАНА, 8 мамыр – Sputnik. 9 мамырда "Жаужүрек полкі Астана – әлемдік марш" шеруі өтеді. 1941-1945 жж. соғысқа қатысқан азаматтардың ұрпақтары Астана көшелерімен жүріп өтеді, деп хабарланады Елорда әкімдігінің ресми сайтында. 

"Жаужүрек полкі Астана" маршына қатысу үшін алдын ала арнайы тіркелу және кіру билеттері жоқ. Қатысушылар транспаранттармен немесе үлкен өлшемдегі суретпен шеруге шыға алады, тек фото шыны жиектемеге салынбауы керек. Өйткені, біріншіден, оның шыныда орналасуы қауіп төндіреді, екіншіден, шыны жиектемедегі сурет күнге шағылысады.

Шеру "Қазақ елі" монументінен басталып, "Отан қорғаушылар" мемориалында аяқталады.

Биыл "Жаужүрек полкі Астана" маршының жолы 2,5 шақырымды құрайды, жалпы жүріп өтетін жол 3,6 км құрайды. "Қазақ елі" монументінің жанында жиналу уақыты сағат 12.00, қозғалу уақыты 13.00 басталады.

Монумент алаңында музыкалық композициялар мен соғыс жылдарындағы әндер орындалады. Әскери техникамен бірге колонна Тәуелсіздік даңғылымен жүріп өтеді. "Жеңіс күні" композициясын орындап, шеру "Отан қорғаушылар" монументінде мәресіне жетеді.

Шара соғыста ерлік көрсеткен ардагерлердің жанұяларын, ұрпақтарын еске алу үшін ұйымдастырылады және оған кез келген азамат қатыса алады.

"Жаужүрек полкі Астана" маршына қатысу ережелерімен мына сілтеме бойынша таныса аласыздар.

Қатысуға байланысты сауалдарыңызға жауапты мына телефондар арқылы ала аласызда:


Жаңалықтар
0