Өңірлер

Таразда қатты дауылдан үш адам қаза тапты

© Photo : КЧС МВД РКТараздағы дауыл салдарын жою жұмыстары, архивтік сурет
Тараздағы дауыл салдарын жою жұмыстары, архивтік сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Таразда жойқын дауылдан мерт болған үш адамның отбасына көмек көрсетіледі

АСТАНА, 30 мамыр — Sputnik. Кеше Таразда қатты дауылдан үш адам қаза тапты, олардың отбасыларына көмек көрсетіледі. Қазіргі уақытта арнайы құрылған комиссия қатты дауылдың зардаптарын жою бойынша жұмыс істеп жатыр. 

Тараздағы дауыл - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Тараздағы дауыл жарты миллиард теңгедей шығынға батырды

Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев Үкімет отырысында табиғи апаттың зардаптарын жою бойынша қандай жұмыс істеліп жатқанын баяндады. 

"Кеше Тараз қаласында он үшінші ықшам ауданда құрылыс алаңында қатты дауылдың салдарынан екі жұмысшы шатырдан құлап кетті. Екеуі де алған жарақаттан оқиға орнында көз жұмды. Электр сымын басып кеткен 14 жасар сегізінші сынып оқушысын тоқ соғып, мерт болды. Сол уақытта жер үйдің металл қақпасы екі адамға құлап, екеуі де ауруханаға жеткізілді. Тағы бір баланың үстіне ағаш құлаған. Сондай-ақ ағаштардың құлауынан көптеген электр сымдары үзіліп, газ құбырларына зақым келген", — деді Көкірекбаев. 

Облыс әкімі бірінші орынбасарының төрағалығымен арнайы комиссия құрылған. Комиссия апаттың себептерін анықтап, зардап шеккендерге көмек көрсетеді. 

"Таң атқанша  апаттық-құтқару қызметтері электрмен жабдықтау жүйесін толығымен қалпына келтірді. Қазіргі уақытта қаланың көшелерін құлаған ағаштардан, қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жағдай біздің бақылауымызда", — деп баяндады облыс әкімі. 

Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев қаланың тыныс-тіршілігін қалпына келтіру үшін барлық қажетті іс-шараларды қолға алуды тапсырды. 

"Әсіресе, электр энергиясы мен газбен жабдықтауды жөнге келтіру керек. Әрине, қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсету қажет", — деді Премьер-министр.


Жаңалықтар
0