Оқиға

Исекешев Астана автобустарындағы қызмет көрсетуді қатаң қадағалауға уәде берді

© Sputnik / Ксения ВоронинаАвтобус
Автобус - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елордада көліктік қамтамасыз ету және жол қозғалысын ұйымдастыру мәселелері талқыланды

АСТАНА, 18 маусым — Sputnik. Сенбі күні елорда әкімдігінде қала әкімі Әсет Исекешевтің қатысуымен халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу кезінде көліктік қамтамасыз ету және Астанада жол қозғалысын ұйымдастыру мәселелері талқылаған жиналыс өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты. 

Жиналыс аясында ЭКСПО көрмесінің ресми ашылғанннан бері бір апта ішінде жүргізілген қоғамдық көліктің жұмысы, Shuttle Bus бағдарының енгізілуі, қазіргі қалалық маршруттардың жұмысын күшейту, аймақтардан келген делегаттар мен оқушыларды қарсы алуда көлікпен қапмтамасыз ету қортындыланды.

Мәселен, 7 Shuttle Bus бағдарында 42 Iveco автобусы қатынайды, егер жолаушылар легі көп болса, олардың саны көбейтіледі.

24 маусымнан бастап 11 маршрутқа (№№ 10, 12, 15, 18, 35, 37, 40, 51, 53, 70 и 102) 52 жаңа автобус қосылады.

Сонымен қатар, "Алай" және "КенМарт" көліктік хабтарының және 14 көлік қоятын орынның жұмысы қорытындыланды және 12 участкеде Bus Lane белгіленген жолақтарын енгізудің тиімділігі қаралды.

Bus Lane арнайы жолақтарын енгізген соң автобустардың орта жылдамдығы 20-30% жақсарған, ал жолда жүру уақыты 15-20 минутқа азайғанын айтады, көліктік ведомства мамандары.

Әсет Исекешев жолдарды, жолайырықтарды, жаяу жүргіншілер жолдарын, оң жаққа бұрылу жолдарын салу құрылысына қатысты бірқатар маңызды сұрақтарды талқылады.

Бағдаршамдарды интеллектуалдық басқару бойынша инновациялық шешімдер де сөз болды. Сонымен қатар, әлемдік тәжірибені енгізу, атап айтар болсақ, бағдаршамның қызыл түсі жанып тұрғанда оңға бұрылыс жасауға рұқсат беру сұрақтары қаралды.

Жиналыс қорытындысы бойынша бағынышты структуралар мен мекемелерге жол қозғалысын ұйымдастыруда және қоғамдық көлік жұмысын жақсартуға, елорда жолдарында ыңғайлылықты қамтамасыз ету, тәртіп бұзушылықтарды болдырмауға бағытталған бірқатар тапсырмалар жүктелді.

"Өкінішке қарай, жүргізушілер мен кондукторлардың тәртібіне қатысты жиі шағымдар келіп түседі. Енді қызмет көрсету сапасы мен мәдениетін қатаң бақылайтын боламыз. Жауапты ведомстволарға кондукторлар мен жүргізушілер тарапынан дөрекелік таныту фактілерін болдырмау үшін жолаушыларға жоғары мәдениетпен қызмет көрсетуді бақылауды тапсырамын. Яғни, біз жаңа принципке көштік, әкімдік автопарктерді жолаушыларға қызмет көрсету үшін жалдайды және олардан кесте мен қызмет көрсету мәдениетінің мүлтіксіз сақталуын талап етеді.Қандай да бір тәртіп бұзушылық болса, кінәлілерді жауапқа тартамыз, санкция қолданамыз, келісімшартты бұзамыз", — деп әкім талап етті.

 

Жаңалықтар
0