Әлем

Елбасы Гельмут Кольдің қайтыс болуына байланысты Германияға көңіл айтты

© Sputnik / Владимир Вяткин / Медиабанкке өтуГельмут Коль
Гельмут Коль - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан басшысы Германияның экс-канцлерін "аса көрнекті мемлекет қайраткері" және "парасатты тұлға" деп атады

АСТАНА, 18 маусым — Sputnik. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Германияның Федералдық канцлері Ангела Меркельге Гельмут Кольдің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Мемлекет басшысы Германияның бұрынғы канцлері Гельмут Кольдің қайтыс болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

"Өз халқының ардақты перзенті әрі патриоты, елін біріктіруде және еуропалық интеграцияны дамытуда негізгі рөл атқарған Г.Коль әлем тарихында аса көрнекті мемлекет қайраткері ретінде өшпес із қалдырды.

Қазақстан халқы Г.Кольді екіжақты достық қарым-қатынасты орнатуға және нығайтуға зор үлес қосқан парасатты тұлға ретінде әрдайым есте сақтайтын болады.

Қайғыға ортақтасып, марқұмның туған-туыстарына және барша Германия халқына көңіл айтамын", – делінген жеделхатта.


Жаңалықтар
0