Спорт

Astana Pro Team велошабандоздары ҚР чемпионатында жүлделі орындар иеленді

© Photo : Федерация велоспорта РКЖүлдегерлерді марапаттау
Жүлдегерлерді марапаттау - Sputnik Қазақстан
Жазылу
21 маусымда Алматыда велосипед спортынан Қазақстан Республикасының Ұлттық чемпионаты басталып, оған еліміздің түпкір-түпкірінен спортшылар қатысты

АСТАНА, 22 маусым — Sputnik. 21 маусымда Алматыда велосипед спортынан Қазақстан Республикасының Ұлттық чемпионаты басталып, оған еліміздің түпкір-түпкірінен спортшылар қатысты, еп хабарлады Велоспорт федерациясы баспасөз қызметі.

Astana Pro Team велокомандасы - Sputnik Қазақстан
Спорт
Astana Pro Team 2017 жылы Джиро д'Италияда жеңіске жетуге бел буды

Ұлттық чемпионат Алматының индустриялды аумағында екінші жыл қатарынан өткізіліп отыр.

Ерлер арасындағы 50 километр қашықтықтағы жеке жарыста Солтүстік Қазақстан атынан қатысқан Astana Pro Team командасының өкілі Жандос Бижігітов жеңімпаз атанды, ол қашықтықты 1 сағат 1 минут және 59 секундта жүріп өткен. 

Күміс медалді Astana Pro Team командасының тағы бір шабандозы, Алматының намысын қорғаған Никита Стальнов иеленді.

Astana Pro Team командасының тағы бір өкілі, Солтүстік Қазақстан облысан шыққан Артем Захаров мәре сызығын үшінші болып кесті.

Чемпионат 25 маусымға дейін созылады.

Жаңалықтар
0