Қоғам

Астаналықтар Қадір түнін қалай қарсы алды?

© Photo : muslim.kzАстана мешіттеріне қасиетті Қадір түнін қарсы алуға жамағат көп жиналды
Астана мешіттеріне қасиетті Қадір түнін қарсы алуға жамағат көп жиналды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
21-нен 22 маусымға қараған түні барша мұсылман халқы қасиетті Қадір түнін қарсы алады

АСТАНА, 21 маусым — Sputnik. "Нұр Астана" орталық мешітінде астаналық жамағат пен қала қонақтары Қадір түнін қарсы алуға жиналды. Қасиетті Қадір түніне жиналған жамағаттың санында шек болмады. Құптан намазын мешітте оқуға ниет еткен жамағат тарауық намазына қатысып, бір сапта тұрып құлшылық жасады. Мың айдан да қайырлы Қадір түнін өткізуге келген мұсылман қауымының белсенділігі шынымен қуантты, деп жазады ummet.kz. 

 

Намаздан соң жиналған жамағатқа "Нұр Астана" мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы "Оразадан кейінгі жағдайымыз", "Иманның анықтамасы мен ләззаты" тақырыптарында уағыз, насихат айтылды. Мешітке сыймай қалған жамағат мешіт сыртына арнайы орналастырылған лед экрандардан уағыз тыңдауға мүмкіндік алды. 

© Photo : ummet.kzМешітке сыймай қалған жамағат сыртқа арнайы орнатылған LED экрандардан уағыз тыңдады
Мешітке сыймай қалған жамағат сыртқа арнайы орнатылған LED экрандардан уағыз тыңдады - Sputnik Қазақстан
Мешітке сыймай қалған жамағат сыртқа арнайы орнатылған LED экрандардан уағыз тыңдады

Сондай-ақ, қасиетті Қадір түнінде Астана қаласындағы республикалық "Әзірет Сұлтан" мешітінде Құран хатым батасы жасалып, Рамазан айы басталғалы бері жамағатқа имамдық етіп келе жатқан қариларға құрмет көрсетілді, деп хабарлайды "Әзірет Сұлтан мешітінің баспасөз қызметі. 

 

Қасиетті Қадір түнін Құран хатым батасымен бастаған қалың жамағаттың құлшылығы таң қылаң бергенше толастамады. Жиылған жамағатқа Қадір түнінің қасиеті мен артықшылығы турасында, қандай құлшылықтар мен амалдарды атқарған абзалдығы жайында, жалпы Рамазан айы туралы "Әзірет Сұлтан" мешітінің имамдары жан-жақты уағыз жүргізіп, қасиетті Қадір түнін құлшылықпен өткізуге шақырды.

© Photo : muslim.kz"Әзірет Сұлтан" мешітіне жиналған жамағат
Әзірет Сұлтан мешітіне жиналған жамағат - Sputnik Қазақстан
"Әзірет Сұлтан" мешітіне жиналған жамағат

Ымырт үйірілісімен құлшылық ордасына қарай ағылған астаналық жамағат нөпірі алып мешіт ішін құптан намазына дейін лық толтырған болатын. Орын жетпеген мыңдаған жан мешіт ауласына жайнамаз төсеп, құлшылығын ашық аспан астында жалғастырды. Сырттағы жамағаттың іштегі жайды көріп тұруы үшін биылғы жылы да арнайы LED экрандар қойылып, уағыз-насихат жұмыстары ауладағылар айқын әрі анық жетіп тұрды.

© Photo : muslim.kz"Әзірет Сұлтан" мешітіне жиналған жамағат
Әзірет Сұлтан мешітіне жиналған жамағат - Sputnik Қазақстан
"Әзірет Сұлтан" мешітіне жиналған жамағат

 

Жаңалықтар
0