Өңірлер

Қазақстанда 43 градусқа дейін аптап ыстық болады

© Sputnik / Серикжан КовланбаевАптап
Аптап - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жаздың жайма-шуақ күндері зымырап өтіп барады, көп ұзамай шілдемен де қош айтысамыз. Бірақ синоптиктердің болжамына сәйкес кей өңірлерде аптап ыстық басылмайын деп тұр.
Даешь жару: температура в Казахстане поднимется до 43 градусов

"Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс өңірлерінде жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады. Күндіз сынап бағанасы 35-40 градусқа дейін жоғарыласа, кей жерлерде 43 градусқа дейін жетеді. Ал еліміздің солтүстік, орталық, шығыс аудандарында жылы ауа райы сақталып, күн күркіреп, жаңбыр жаууы мүмкін, күн күркіреген кезде, аздап дауыл соғуы мүмкін", деп хабарлады "Қагидромет" инженер-синоптигі Зайна Құлжабаева.

Шілденің соңғы күнінде Батыс Қазақстанда аптап ыстық қайтады. Алайда демалыс күндері ауа температурасы 37, кей жерлерде 41 градус ыстықты көрсетеді.

Астанада демалыс күндері ауа райы жауын-шашынсыз, көшпелі бұлтты болмақ. Алматыда жексенбі күні өткінші жауын жауып, желдің екпіні секундына 10 метр болады.

Жаңалықтар
0