Қоғам

2018 жылдан бастап бүкіл қылмыстық процесс электронды форматқа көшіріледі

© Photo : Public DomainКомпьютер, интернет
Компьютер, интернет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бас прокуратура "Е-қылмыстық іс" бағдарламасын әзірледі, оған бюджеттен қосымша қаржы бөлінген жоқ

АСТАНА, 3 тамыз — Sputnik. 2018 жылғы 1 шілдеден бастап бүкіл қылмыстық процесс электронды форматқа көшіріледі, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Жыл сайын 500 мыңнан астам іс тергеледі. Барлығы қағазда жасалады. Оны жоғалтуға, жалған құжаттар жасауға, жойып жіберуге болады. Көп жағдайда ешкім білмейді. 2,5 жылда 3,5 мың іс жоғалған. Дәлелдемелерді қолдан жасағаны үшін 33 қызметкер сотталды. 

Элеткронды хаттама толтыру - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанада жол жүру ережесін бұзғандарға хаттама электронды түрде толтырылады

Арызды тексеру үшін өңірлерден сұралатын істер жолда 2-3 апта жүреді. Тағы 20 күн оны қайтаруға кетеді. Осылайша жүздеген мың істер «қыдырып» жүреді.

Істерді е-форматқа көшіру – осы жағдайды түзетуге бағытталған алғашқы қадам.

Осыған көңіл бөлген елдерде қылмыс та аз, оның ашылуы да тез. ОЭСР елдерінің көбісінде қылмыстық іс қағаз жүзінде емес, электронды түрде жүргізіледі.

Сондықтан Құқықтық статистика комитеті "Е-қылмыстық і" бағдарламасын әзірледі. Оған бюджеттен қосымша қаржы бөлінген жоқ. Ол қылмысты тіркеу, сотқа дейінгі тергеу және қылмыстық жазаны орындау кезеңдерін қамтиды.

Электронды қылмыстық істің берері не?

  • қылмыстық істі бұрмалау болмайды, істер жоғалмайды;
  • қажеті жоқ, артық қағаздан құтыламыз.
  • электронды форматқа көшсек, істер бұдан да тезірек тергелмек. Өйткені, құжаттар орталық пен аудандар арасында апталап жүрмейді. Жүйеде 100 шақты процессуалдық құжаттың шаблоны болады. Соттан санкцияны электронды түрде алуға болады;
  • аналитика күшейеді. Әрбір қылмыстық іске терең үңіліп, дұрыс практиканы қалыптастыруға мүмкіндік ашылмақ;
  • жәбірленуші, айыпталушы, адвокат істің қалай қаралып жатқанын кез-келген уақытта онлайн режимде көре алады;
  • электронды шағымдар модулі жұмыс істей бастайды. Ол дегеніміз тараптар тергеушінің іс-әрекетіне шағым келтірсе, оны прокурор бірден онлайн тексере алады. 

Қазір пилоттық жоба барлық құқық қорғау органдары бойынша бірнеше облыста басталып кетті.

2018 жылғы 1 шілдеден бастап бүкіл қылмыстық процесті цифрлық форматқа көшіруге дайындық бар. Ол қосымша қаржыны талап етпейді. 


Жаңалықтар
0