Өңірлер

Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болады

© Sputnik / Болат Шайхиновжаз
жаз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тек батыста атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде өткінші жаңбыр найзағаймен болады

АСТАНА, 26 тамыз – Sputnik. Қазақстан территориясы антициклонның ықпалында болады, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, солтүстікте түнде және таңертең кей жерлерде тұман, оңтүстікте, солтүстік-батыста және шығыста қатты жел болады, деп хабарлайды Қазгидромет метеоқызметі.

Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда облыстарында күндіз Ақтөбе, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күшейуі 15-20 м/с күтілуде. Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде туман күтіледі.

Атырау облысында, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Алматы, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Күндіз Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық ауа райы сақталады. 


Жаңалықтар
0