Саясат

Елбасы Краснодар өлкесіндегі қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтады

© Photo : Официальный сайт президента Республики КазахстанНұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Краснодар өлкесінде жол апатынан қаза тапқандарға аза тұту жарияланды, қайғылы оқиғаның құрбаны 17 адам болды

АСТАНА, 26 тамыз — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинге биылғы 25 тамызда Краснодар өлкесіндегі жол-көлік оқиғасы салдарынан автобустағы көптеген адамның қаза болуына байланысты көңіл айтты.

"Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қолдауым мен ниеттестігімді жеткізуді сұраймын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдіремін", – делінген жеделхатта. 


Жаңалықтар
0