Оқиға

Үштөбе-Талдықорған тас жолында автокөлік жылқыларға соқтығысты

© Sputnik / Анатолий УстиненкоЖылқылар
Жылқылар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жол бойында жылқылармен соқтығысу салдарынан екі жас азамат зардап шекті

АСТАНА, 8 қыркүйек — Sputnik.  Nissan Primera автокөлігінің жылқылар табынына соқтығысуы салдарынан екі адам зардап шекті, деп хабарлайды Алматы облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. 

Жол апаты жұма күні Қаратал ауданында Үштөбе-Талдықорған тас жолының 26-шақырымында орын алды. Автокөлік жолдан өтіп бара жатқан, алты жылқыға соқтығысады. Жол апатының салдарынан Үштөбенің 1995 және 1999 жылы туған екі тұрғыны зардап шегеді. Олар түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. 

"Жол апаты бойынша ҚР ҰК 345-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, қажетті тексерулер белгіленді. Сотқа дейінгі тергеу амалдарын Қаратал АІІД жүргізіп жатыр. 

Жануарлардың иесі жол апаты орын алған орынға жақын орналасқан Абай аулының тұрғыны екені анықталды. Оқиға орнында алты жылқының төртеуі мерт болғаны белгілі болды. 



Жаңалықтар
0