Өңірлер

Талдықорғанда қала әкімінің орынбасарымен төбелескен фермер сотталды

© Sputnik / Табылды КадырбековТөбелес
Төбелес - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сот Алмасбек Садырбаевты бір жылға бас бостандығынан айырды

АСТАНА, 18 қыркүйек — Sputnik. Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Асқар Түтібаевпен төбелескен фермер Алмасбек Садырбаевқа сот бір жылға басбостандығынан айыру туралы үкім шығарды, деп хабарлайды Sputnik Казахстан Алматы облыстық баспасөз қызметі. 

Өзінің Facebook парақшасында  бизнесмен Алмасбек Садырбаев, үстіміздегі жылдың шілде айында оған дейін қол қойылған құжаттарға қайтадан қол қоюға бас тартқаны үшін, сол кезде Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары міндетін атқарушы Асқар Түтібаевпен төбелескенін жазады. 

Фермер өз жазбасында ауыл шаруашылығы кооперациялары жобаларымен айналысатынын айта келіп, жүн тапсырғаннан кейін оған жеті миллион теңге көлеміндегі мемлекеттік субсидия берілу керек екенін жазған. 

Ал, Аскар Түтібаев болса, өз кезегінде жеке бас мүддесін қорғау мақсатында ІІД шағым түсіреді. 

Істің материалдары бойынша, Садырбаев Түтібаевтың бетінен жұдырықпен соғып, денсаулығына жеңіл жарақат тигізіп, қолын аяқпен тебеді. 

Іске қатысты соңғы нүктені Талдықорған қалалық соты қойып, Алмасбек Садырбаевты ҚР ҚК 380-бабы бойынша айыпты деп танып, бір жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ. 


 


Жаңалықтар
0