Өңірлер

Көкшетауда судьяның өліміне қатысты сот процесі басталды

© SputnikСудья Жанна Бердіғұлованың портреті
Судья Жанна Бердіғұлованың портреті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жанна Бердіғұлованы өлтірді деген күдікпен ұсталған ер адам бұрын сотталған, тергеудің мәліметінше, ол қылмысты оңай олжаға кенелу мақсатында жасаған

АСТАНА, 2 қараша — Sputnik. Көкшетауда Ақмоланың қылмыстық істер жөніндегі алқасының бұрынғы төрайымы Жанна Бердіғұлованың өліміне қатысты сот процесі басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.      

"Бүгін Ақмоланың қылмыстық істер жөніндегі алқасының бұрынғы төрайымы Бердіғұлованың өлімі туралы қылмыстық іс бойынша басты сот талқылау басталды. Процесс жабық өтіп жатыр", — деп жазылған  ведомство таратқан хабарламада. 

Күдікті істі алқа билердің қатысуымен қарауды сұраған. 

46 жастағы Жанна Бердіғұлова 12 маусым күні кісі қолынан қаза болды. Ол туған қаласы Алматыға жаңа қызметке баруға дайындалып жүрген. Тергеу мәліметінше, 33 жастағы Көкшетау тұрғыны судьяға жиһазды сату жайлы хабарландыру арқылы келіп, оны өлтірген. Ол әйелді тұншықтырып, жеке заттары мен қызметтік куәлігін алып кеткен.     

Күдікті бұрын адам өлтіргені үшін сотталған.  


Жаңалықтар
0