Қоғам

Астанада төртінші ауданды ашу мәселесі қаралып жатыр

© Photo : Михаил Воскресенский / Медиабанкке өтуАстана
Астана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жаңа ауданға Өндіріс, Кирпичный тұрғын алаптары кірмек

АСТАНА, 10 қараша — Sputnik. Астанада төртінші ауданды ашу мәселесі қаралып жатыр. Бұл туралы қалалық мәслихаттың Бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысында Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ерғали Егемберді мәлімдеді, деп хабарлайды Елорда инфо. 

Елордадағы үш аудан мен бірқатар басқарманың алдағы жылдарға арналған бюджетімен таныстырған ол жаңа аудан жөнінде аздаған мәлімет бере кетті. 

Баяндамашының сөзінен түсінгеніміз, бұл мәселе алдымыздағы екі-үш айда шешілуі тиіс. Жаңа аудан шекарасына Өндіріс, Кирпичный тұрғын алаптары кірмек. Аудан ашылған кезде оны дамыту бағдарламасы жасалады. Бұл бағдарламаға абаттандыру, көгалдандыру мәселелері міндетті түрде енгізіледі


Жаңалықтар
0