Өңірлер

Қыстың алғашқы күндері ауа райы қандай болады?

© Sputnik / Болат ШайхиновАстана
Астана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазгидромет 1-4 желтоқсанға ауа райы болжамын ұсынды

АСТАНА, 29 қараша — Sputnik. Синоптиктер демалыс күндері аздаған қар жауатынын айтты.

"Демалыс және мереке күндері Қазақстанның басым аумағында аздаған қар жауады. Ауа температурасы бұрынғысынша климаттық нормадан 3-5 градус жоғары", — делінген хабарламада.

Ал республиканың оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынды, ауа температурасы 1-2 градус төмен болады. Түнгі және таңертеңгі уақытта бірқатар облыста тұман түсіп, оңтүстікте көктайғақ болады деп болжануда.

Жаңалықтар
0