Оқиға

Астанада автобус аялдамаға соғылып, екі адам зардап шекті

© Sputnik / Ксения ВоронинаАялдамадағы автобус
Аялдамадағы автобус - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сейфуллин көшесінде аялдама маңында екі автобус соқтығысып, екі адам зардап шеккен

АСТАНА, 19 желтоқсан — Sputnik. Астанада бағдарлы автобус екінші қоғамдық көлікпен соқтығысып, аялдамаға бір-ақ соғылды, деп хабарлайды елордалық ІІД баспасөз қызметі.

Автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыда автобус жолда отырған кісіні қағып өлтірді

Полиция мәліметінше, оқиға Сейфуллин көшесінде болыпты.

"18 желтоқсанда 9.00 кезінде №26 бағдарлы автобустың жүргізушісі  "Астаналық базар"  аялдамасына жақындай бергенде, №40 бағдарлы автобуспен соғылады. Салдарынан 40 автобустың кондукторы мен  №26 автобустың жолаушысы ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілген соң үйлеріне қайтарылды", — дейді департамент.

Оқиға бойынша тергеу жүргізілуде.

Жаңалықтар
0