Саясат

Назарбаев: Тəуелсіздік жылдарында 1 милионнан аса қандасымыз көшіп келді

© SputnikҚазақтардың архивтегі фотосы
Қазақтардың архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы жетекші БАҚ өкілдеріне сұхбат берді

АСТАНА, 22 желтоқсан — Sputnik.  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жетекші БАҚ өкілдеріне сұхбат беріп, 2017 жылды қорытындылады, деп жазды Ақорданың баспасөз қызметі твиттердегі ресми парақшасында. 

Ақорда - Sputnik Қазақстан
Саясат
Назарбаев: Қазақстан бастауыш білім беру жөнінен әлемде 4-орынға шықты
Сұхбат барысында Қазақстан президенті бірқатар өзекті мәселеге тоқталды. Атап айтсақ, Елбасы дамыған 30 елдің қатарына қосылу жолында латын қарпіне көшудің маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ Тəуелсіздік жылдарында елімізге 1 милионнан аса қандасымыздың көшіп келгенін жəне ұлы көштің əлі де жалғасып жатқанын айтты.

Мемлекет басшысы алдағы уақытта Қазақстан-Қырғызстан, Қазақстан-Өзбекстан қарым-қатынастарының қай бағытта дамитыны жайлы пікірін білдірді.

Сұхбаттың телевизиялық нұсқасы 25 желтоқсанда республикалық телеарналардың эфирінен көрсетіледі.


Жаңалықтар
0