Саясат

Назарбаев пен Сауд Арабиясының королі мұнай нарығындағы ахуалды талқылады

© Sputnik / Ramil SitdikovМұнай кен орнындағы бұрғылау қондырғысы
Мұнай кен орнындағы бұрғылау қондырғысы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Екі ел басшылары өзара сапар жасау тәжірибесін жалғастыру жөнінде уағдаласты

АСТАНА, 15 қаңтар — Sputnik. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясының королі Салман бен Әбдел Әзиз Әл Саудпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекеттер басшылары әңгіме барысында әлемдік мұнай нарығындағы қазіргі ахуал жөнінде пікір алмасып, Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жылғы қазан айындағы Сауд Арабиясына ресми сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалу барысын талқылады.

Сауд Арабиясы - Sputnik Қазақстан
Әлем
Сауд Арабиясының ханзадасы бостандыққа шығу үшін бір миллиард доллар төледі
Сауд Арабиясының королі екіжақты қарым-қатынастың дамуына ерекше мән беретінін айтып, саудиялық компанияларға Қазақстандағы мұнай және газ өңдеуге арналған жобаларды жүзеге асыруға атсалысу жөнінде тапсырма беруге ниетті екенін атап өтті.

Сонымен қатар, Салман бен Әбдел Әзиз Әл Сауд Қазақстан Президентін Астанадағы "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесінің және Ислам ынтымақтастығы ұйымының Ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммитінің табысты өтуімен құттықтады.

Сондай-ақ, екі ел басшылары өзара сапар жасау тәжірибесін жалғастыру жөнінде уағдаласты.

Телефон арқылы сөйлесуге Сауд Арабиясы жағы бастамашы болды.


Жаңалықтар
0