Қоғам

Астана логотипін жасағаны үшін 8 миллион теңгені кім ұтқаны белгілі болды

© Sputnik / Болат ШайхиновАқша
Ақша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астананың 20 жылдығына орай жарияланған үздік брендбук конкурсының жеңімпазы анықталды

АСТАНА, 24 қаңтар – Sputnik. Бүгін қала әкімдігінде Қазақстан Республикасының Елордасы – Астана қаласының 20 жылдығын атап өтуге орай жарияланған үздік брендбук (BrandBook) конкурсының қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің сайты

Конкурстың мақсаты –  Астана қаласының 20 жылдығына орай бренд-бук, логотип пен ұран жасау бойынша жақсы концептуалды жобаларды анықтау болатын.

Жұмыс тобының дауыс беру нәтижесі бойынша 8 үздік жоба таңдалып, Астана қаласының 20 жылдығына дайындық және өткізу жөнінде құрылған мемлекеттік комиссияға жіберілді. Бүгінгі шараға қатысушылардың барлығына естелік сыйлықтар мен мақтау қағаздары берілді. Үздік бренбук конкурсының жеңімпазы — "KazUnionConsult" ЖШС 8 000 000  теңге көлемінде сыйақыға ие болды.

Жаңалықтар
0