Спорт

Допты хоккейден ӘЧ: Қазақстан жартылай финалға шықты

© Photo : bandy-vm2018.ruБендиден Қазақстан құрамасының ойыншысы
Бендиден Қазақстан құрамасының ойыншысы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ширек финалда жерлестеріміз Норвегия құрамасын жеңді

АСТАНА, 2 ақпан — Sputnik. Қазақстан құрамасы Ресейдің Хабаровск қаласында өтіп жатқан Допты хоккейден әлем чемпионатының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды prosports.kz.

Бенди - Sputnik Қазақстан
Спорт
Бендиден әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы Венгрияны 29:0 есебімен жеңді
Ширек финалда жерлестеріміз Норвегия құрамасымен кездесіп жеңіске жетті. Кездесудегі есеп 6:1 (3:1, 3:0).

Енді Қазақстан құрамасы жартылай финалда Швеициямен кездесетін болады. Олар өз кезегінде Венгрия құрамасын 16:3 есебімен ұтып, жартылай финал жолдамасына ие болды.

Естеріңізге салсақ, Қазақстан құрамасы топтық кезеңдегі үш кездесуде де жеңіске жеткен. Алдымен Венгрияны 29-0 есебімен есеңгіретсе, АҚШ құрамасымен болған кездесу 14-1 есебімен біздің жігіттердің жеңісімен аяқталған. Топтық кезеңдегі соңғы ойында Германия құрамасы да айтарлықтай қарсылық көрсете алмай, 17:2 есебімен жеңіліп қалған.

 

Жаңалықтар
0