АСТАНА, 21 ақпан — Sputnik. Елімізде құбылмалы ауа-райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа-райы сақталады, кей жерлерде қар жауып, боран соғып, желдің екпіні 15-20 м/с-ке дейін күшейеді және көктайғақ, тұман болуы мүмкін.
"Ресейдің еуропалық бөлігінен келген антициклон ықпалынан батыста, содан кейін онын ығысуына байланысты республиканың қалған бөлігінде де температура төмендейді", — деп хабарлайды синоптиктер.