Қоғам

Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы тағайындалды

© Photo : ҚР премьер-министрінің ресми сайтыАзамат Ахметов Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы болып тағайындалды
Азамат Ахметов Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы болып тағайындалды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Азамат Ахметов бұған дейін ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті төрағасы лауазымында болды

АСТАНА, 3 шілде — Sputnik. Азамат Ахметов ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлады премьер-министрдің ресми сайты. 

"ҚР қаржы министрінің бұйрығымен Азамат Ахметов ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінің төрағасы қызметінен босатылып, Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды", — деп жазылған хабарламада.

Портфелдің архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қоғамдық даму министрі тағайындалды

Азамат Ахметов 1974 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. 1996 жылы Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді ауыл шаруашылығы институтын "Ауыл шаруашылығы экономисті-ұйымдастырушысы" мамандығы бойынша тәмамдаған. 1999 жылы Д. Қонаев атындағы Гуманитарлық университетті "Заңгер" мамандығы бойынша аяқтаған.

Қаржы министрлігінің құрылымында 2007 жылдан жұмыс істеп келеді.

2014–2017 жылдары — ҚР ҚМ Қаржылық бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.

2017 жылы — ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті  төрағасының орынбасары.

2017 жылдан бүгінге дейін ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті төрағасы лауазымында болды.

Жаңалықтар
0