Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 4 сәуір

© Sputnik / Владислав Воднев4 сәуір - күнтізбе
4 сәуір - күнтізбе - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл – Григориан күнтізбесі бойынша 94-ші күн. Жыл соңына дейін 271 күн қалды.

4 сәуірде не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің қалай есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.

            4 сәуірде қандай қызықты оқиғалар болды

Бүгін Халықаралық интернет күні тойланады. Бұл мереке үшін ерекше күн таңдалыпты – жұрт ұзақ уақыт бойы бір мәмлеге келе алмаған еді. Ақыры соңында Католиктік шіркеу көктемгі жайма шуақ күнді таңдады (олар интернет әлемдік білім мен маңызды ақпарат қоры екенін мойындаған). 4 сәуір – ғылымға құштар, оқушылар мен студенттердің қамқоршысы киелі Исидор Севильскийдің қайтыс болған күні. 2003 жылы Екінші Иоанн Павел әулиелердің арасынан епископ Исидорды таңдап, ғаламтор қолдаунышларының жебеушісі деп атады. Интернет күнін сіз бен біз сияқты қолданушылар ғана емес, кәсіби мамандар да тойлайды: веб-шеберлер, бағдарлама жасаушылар, копирайтерлер, тіпті хакерлер.

Сонымен қатар, бүгін Веб-шебер күні аталып өтеді. Интернеттегі көздің жауын алатын сайттар – дарынды әрі ойы жүйрік мамандар еңбегінің жемісі, оларды көбінесе веб-шеберлер деп атайды. Бұл кәсіп иелерінің де жеке мерекесі бар. Мамандықтың да, мейрамның да пайда болғанына көп болған жоқ, бірақ тез танымал болып кетті. Интернетті жиі пайдаланатын қолданушылар парақша дұрыс ашылмаса, "қате 404" деген жазу шығатынын жақсы біледі. Бұл мерекенің күнін осыған байланысты таңдаса керек. Негізінде, веб-шебер – өте маңызды адам, себебі ол сайтты жасап шығарып, интернетте ұжымдық мүдделерді алға тартады, жаңа әрі қызық идеяларды ұсынады.

Жыл сайын 4 сәуірде Дүниежүзілік егеуқұйрық күні аталып өтеді. Бұл бейресми мереке 2002 жылы бекітілген. Үй жануары ақылды, ойынпаз және ерекше күтімді қажет етпейді. Егеуқұйрықты қолға үйреткен соң көптеген тұқымы пайда болған, олар түр-түсі және жүні жағынан бір-бірінен ерекшеленеді.

            4 сәуірде әлемде болған тарихи оқиғалар

1919 жылы Италияда Рим-Неаполь бағыты бойынша дирижабльдегі жолаушылар әуе желісі ашылды;

1973 жылы Нью-Йоркте (Манхэттен) Дүниежүзілік сауда орталығының ашылуы болды;

1975 жылы Таншоннят түбінде C-5 апатқа ұшырады. 155 адам қаза тапқан, олардың көпшілігі – балалар;

1983 жылы "Челленджер" америкалық ғарыш қайығы алғаш рет ұшырылды.

            4 сәуірде Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1861 жылы Коряковская станициясы Павлодар деп аталып, қала мәртебесіне ие болды;

1992 жылы Алматы қаласында ТМД елдерінің мемлекеттік қауіпсіздік және барлау органдары арасында ынтымақтастықтың негізгі принциптері туралы келісімге қол қойылды;

1994 жылы "Қазақстан телеарнасы және радиосы" республикалық корпорациясы құрылған;

2012 жылы Нұр-Сұлтанда еңбек дауының алдын алу туралы меморандум қабылданды.

            4 сәуірде әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар

1929 жылы Никита Хрущевтің қызы, кеңес тілшісі әрі жазушы-публицист Рада Аджубей дүниеге келді;

1938 жылы ресейлік ақын, Ресей мен Украинаның халық әртісі Илья Резник дүниеге келді;

1965 жылы америкалық актер, BAFTA жүлдесінің иегері кіші Роберт Дауни дүниеге келді. Дауни супер қаһарман Тони Старктің рөлін сомдап, "Железный человек-2", "Мстители", "Железный человек-3", "Мстители: Эра Альтрона", "Первый мститель: Противостояние" және "Человек-паук": Возвращение домой" фильмдеріне түскен;

1967 жылы ресейлік актер, музыкант, шоумен, тележүргізуші, радио жүргізуші Дмитрий Нагиев дүниеге келді.

            4 сәуірде Қазақстанда кімдер дүниеге келді

1937 жылы жазушы, аудармашы, түрколог ғалым, филология ғылымдарының докторы Немат Келімбетов дүниеге келді;

1958 жылы "Қазақфильм" актрисасы, "Киноактер" шығармашылық бірлестігінің жетекшісі Жанна Қуанышева дүниеге келді. "Тоғысқан тағдырлар" және "Шегіртке" телехикаяларындағы рөлімен жұртшылыққа танылған;

1974 жылы боксшы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, әлем чемпионаттары мен олимпиада жеңімпазы Василий Жиров дүниеге келді;

1980 жылы Сидней олимпиадасының чемпионы, боксшы Бекзат Саттарханов дүниеге келді;

1995 жылы суға жүзуден Қазақстанның тұңғыш олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин дүниеге келді.

            Ай күнтізбесі

Ай Тоқты белгісінде орналасады. Батыл болыңыз, орайы келіп тұрғанда істі өз қолыңызға алсаңыз, тағдырдың сыйына ие боласыз. Дұрыс тамақтануға көңіл бөліп, ағзаңызды дәрумендермен байытыңыз. Бұл сырт келбетіңіз бен денсаулығыңызға жақсы әсер етеді. Диета ұстауға қолайлы кезең.

Жаңалықтар
0