НҰР-СҰЛТАН, 18 сәуір – Sputnik. Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің "Любовь уставших лебедей" әніне түсірілген бейнебаянының премьерасы қашан өтетініні белгілі болды.
Димаштың фанаттары клипті бүгін елорда уақытымен сағат 22:00-де (Мәскеу уақытымен 19.00-де) МУЗ ТВ телеарнасынан тамашалай алады. Бұл туралы ол инстаграмдағы парақшасында хабарлады.
Әншінің мыңдаған фанаты бейнеклипті тағатсыздана күтетінін жазып жатыр.
"Любовь уставших лебедей" әні туралы не білеміз
Бұл әннің авторы – ресейлік миллиардер және ақын Михаил Гуцериев, музыкасын әйгілі композитор Игорь Крутой жазған. Бейнебаянның режиссері – украиналық режиссер, клипмейкер, продюсер және "Орел және решка" бағдарламасының бұрынғы жүргізушісі Алан Бадоев.
Наурыз айының басында Димаш Құдайберген әннің синглын жариялады, бір апта өткеннен кейін бейнебаянның үзіндісімен бөлісті.
Димаш Құдайбергеннің жұлдызды жолы
2000 жылы Димаш Ақтөбеде өткен республикалық "Айналайын" балалар конкурсында өнер көрсетіп, жүлделі орынға ие болды. Араға он жыл салып, "Байқоңырдың әсем дауыстары" фестивалінде жеңімпаз атанды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
2012 жылы "Жас қанат" республикалық жас әншілер байқауында гран-при жеңіп алды. Дәл сол жылы Димаш "Восточный базар" эстрада орындаушыларының телевизиялық байқауында алғашқы жүлдені қанжығалады.
2013 жылы Қырғызстандағы "Мейкин Азия" халықаралық фестивалінде бірінші орын иеленді.
Тағы оқыңыз: "Ән өнеріндегі құбылыс" Тоқаев Димашпен қол алысып түскен суретін жариялады – фото
2015 жылы Витебскте өткен "Славян базары" ән фестивалінде гран-при жеңіп алды.
2017 жылы Қытайдың танымал "I am a singer" шоуында екінші орыннан көрінді. Осы байқаудан кейін қазақстандық әншінің атағы әлемге жайылды.
Мәскеудегі концерті
Димаш Құдайберген наурыз айында Мәскеудегі Кремль сарайында екі концерт берді. Отандасымыздың ән кешіне әлемнің 56 елінен фанаттар келген. Концерт Игорь Крутойдың продюсерлік орталығының қолдауымен өтті.
Тағы оқыңыз: "Такой сладкий" Димашты өзбек қыздары қаумалап алды – видео
Димаш Құдайберген әндерді қазақ, орыс, француз және ағылшын тілдерінде орындады.