НҰР-СҰЛТАН, 2 тамыз – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 1014 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.
- Нұр-Сұлтан қаласында - 29,
- Алматы қаласында - 78,
- Шымкент қаласында - 9,
- Ақмола облысында - 39,
- Атырау облысында -57,
- Шығыс Қазақстан облысында - 117,
- Жамбыл облысында - 1,
- Батыс Қазақстан облысында - 40,
- Қарағанды облысында - 46,
- Қостанай облысында - 55,
- Қызылорда облысында - 38,
- Маңғыстау облысында - 4,
- Павлодар облысында - 501.
Елімізде барлығы 61 839 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.
Айта кетсек, Қазақстанда бірінші тамыздан коронавирус бойынша жаңартылған статистика жүргізіле бастады. Оған сәйкес, өткен тәулікте 66 адам қайтыс болды, оның 36-сы коронавирустан, 30-ы пневмониядан көз жұмған.