Әлем

WhatsApp ескі смартфондарда жұмыс істемейтін болды

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуМессенджер WhatsApp
Мессенджер WhatsApp - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.11.2021
Жазылу
Компания мессенджердің мұндай нұсқадаға смартфондарда жұмыс істемеуінің себебін техникалық эксплуатация мерзімінің өтіп кеткендігімен түсіндіреді

НҰР-СҰЛТАН, 1 қараша – Sputnik. WhatsApp мессенджері 1 қарашадан бастап 4.1 Android және 10 iOS нұсқасынан төмен ескі телефондарда жұмыс істемейтін болды.

Өзгерістер туралы WhatsApp ресми сайтында жариялады.

Ондағы мәліметке сәйкес, 1 қарашадан бастап қосымша Android смартфондарында операциялық жүйесі 4.1-тен төмен емес және  iPhone iOS 10-нан жоғары модельдерден бастап жұмыс істейді.

Одан ескі гаджеттерді WhatsApp бағдарламалық қамтамасыз етуден бас тартты, деп хабарлады РИА Новости/Прайм.

Компания мессенджердің мұндай нұсқадаға смартфондарда жұмыс істемеуінің себебін олардың техникалық эксплуатация мерзімінің өтіп кеткендігімен түсіндіреді.

Сайт мәліметінше, олардың процессорының қуаты көптеген жаңа бағдарламаларды жүктеуге қауқарсыз әрі аккумуляторы әлсіз.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0