Видео

Business Lady Qazaqstan сыйлығының иегерлері анықталды

Жазылу
Елордада табысты кәсіпкерлер арасында Business Lady Qazaqstan республикалық сыйлығын табыстау рәсімі өтті

Іс-шараны ұйымдастырушылар бизнесін сәтті жүргізіп, белгілі бір істі дөңгелетіп отырған нәзік жандарды әр жыл сайын марапаттауды үрдіске айналдырып жатыр. Бұл жолы дәстүрлі сыйлықты табыстау рәсімі Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылды, деп хабарлады ішкі істер министрлігінің ведомстволық сайты.

Оның басты ерекшелігі ретінде жаңа номинациялар, бизнесте ғана емес, басқа салада да жетістікке жеткен ханымдар болып танылды.

"Біз тек бизнестегі әйелдерді ғана емес, сонымен қатар басқа салалардағы әйелдерді де марапаттаймыз. Бүгін біз полиция мен әскер қатарында қызмет етіп жүрген, өнер саласына өз үлесін қосып жүрген әйелдерді марапаттағымыз келеді. Олардың еңбегі мен кәсібилігі үшін алғысымызды білдіреміз. Бұл ханымдардың жұмысын атап өту қажет. Себебі нәзік жандарға аталмыш салада жұмыс істеу оңай емес", – деді шараны ұйымдастырушы Сәуле Қайсар.

Марапатталғандардың арасында Қазақстан ішкі істер министрлігі идеологиялық және имидждік жұмыс департаментінің бастығы Альбина Махамбетова да болды.

"Осы шараны ұйымдастырушыларға алғыс білдіремін. Барлық қыз-келіншекті құттықтаймын. Бүгінгі таңда қоғамның барлық саласында әйелге орын бар", – деді Альбина Махамбетова.

Оның пікірінше, мемлекет өзін көрсетіп, жұмыста жетістікке жеткісі келетіндерге барлық жағдайды жасап отыр. Тек қиындықтардан қорықпау керек.

Business Lady Qazaqstan – әйелдер арасында кәсіпкерлікті қолдауға және насихаттауға арналған салалық бизнес-сыйлық.

Жаңалықтар
0