Өңірлер

Жедел шешім қабылдаған полицей әйелді ажалдан алып қалды – видео

© пресс-служба АО "Пассажирские перевозки"Поезд зимой
Поезд зимой - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.01.2022
Жазылу
Тәртіп сақшысы "Бурабай шипажайы" стансасында пойыз астына түсе жаздаған әйелді итеріп үлгерді
НҰР-СҰЛТАН, 2 қаңтар – Sputnik. "Бурабай шипажайы" стансасында көлік полицейі жолаушылар пойызы қағып кете жаздаған әйелді құтқарып қалды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан агенттігіне ІІМ көліктегі полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ләззат Қасымжанова.
Нұр-Сұлтанның 36 жастағы тұрғыны 2022 жылдың 1 қаңтарында қайта өмірге келді деуге болады. Себебі полицияның аға сержанты Саят Қадыров дер кезінде үлгермегенде, ол пойыз астында көз жұматын еді.
Пресногорьковка – Павлодар пойызының жолаушысы вагоннан шығып, теміржол платформасында тұрған дүңгіршекке қарай өтпек болған. Ол Қарағанды – Қостанай бағытында келе жатқан №327 жолаушылар пойызын байқамаған.
Қуанышқа орай, дәл осы кезде полицияның аға сержанты Саят Қадыров жедел әрекет етіп, әйелді аман алып қалды. Пойыз жолаушысы өзін құтқарып қалған тәртіп сақшысына алғыс айтты.
Оқи отырыңыз: Атырауда жүкті әйел көпірден секірді – видео
Саят Қадыров 1996 жылы Ақмола облысында туған. ҚР ҰҚК шекара қызметінде әскери борышын өтеген. 2018 жылдан бері "Бурабай шипажайы" стансасындағы желілік полиция бөлімінің патрульдік полиция тобында полиция қызметкері ретінде еңбектеніп келеді.
"Көліктегі полиция департаментінің басшылығы адамды құтқару кезіндегі ерлігі мен батылдығы үшін Саят Қадыровты ынталандыру туралы шешім қабылдады", - деп жазылған көліктегі полиция департаментінің баспасөз релизінде.
Жаңалықтар
0