Қоғам

Қазақстан колонияларында ерекше режим енгізілді

© Sputnik / Тимур БатыршинАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.01.2022
Жазылу
5 қаңтардан бастап Қазақстанның қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ерекше режим енгізілді
НҰР-СҰЛТАН, 6 қаңтар – Sputnik. 5 қаңтардан бастап 19 қаңтарға дейін Қазақстанның қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ерекше режим енгізіледі. Мұндай шешім елде төтенше жағдай енгізілуімен, сондай-ақ қылмыстық-атқару кодексінің 101-бабымен байланысты.
"Аталған режим күшінде болған кезеңде ҚАЖ бөлімшелерінің күн тәртібі уақытша өзгертіледі. Елде қалыптасқан жағдайды ескеріп, ҚАК 105-113 баптарында қарастырылған, сотталғандардың құқығын іске асыруда уақытша шектеу шаралары қолданылады. Сотталғандарға сәлем-сауқат заңнамамен белгіленген тәртіпте қабылданады", - деп түсіндірді ІІМ ҚАЖК баспасөз қызметіндегілер.
Сондай-ақ ведомство қауіпсіздігі төмен мекемелерде жазасын өтеп жатқан сотталушылар жұмысқа орналасқан ұйымдардан кері шақырылатынын атап өтті.
Еске салсақ, ҚАЖ мекемелерінің ішкі тәртібі ережелерінің 84-тармағына сәйкес, мекемелерде ерекше режим енгізілуіне байланысты сотталғандарға туыстарымен кездесуге рұқсат берілмесе, пайдаланылмаған күндер сақталады және содан кейін беріледі.
Жаңалықтар
0