Қоғам

Қазақстан шетелдіктерге елге кіруге тыйым салған жоқ – СІМ

© Sputnik / Владислав ВодневЕлорда әуежайындағы табло
Елорда әуежайындағы табло - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.01.2022
Жазылу
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі шетелдік азаматтарға ел аумағына кіруге тыйым салынды деген ақпаратты жоққа шығарды
НҰР-СҰЛТАН, 6 қаңтар – Sputnik. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі шетелдік азаматтарды елге кіргізу уақытша тоқтатылды деген ақпаратты жоққа шығарды.
"Ақпарат шындыққа жанаспайды", - деп мәлімдеді Sputnik Қазақстанға сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.
Бұған дейін РИА Новости Қазақстанның Ташкенттегі елшілігіне сілтеме жасап Қазақстан шетелдіктерге елге кіруге тыйым салды деп хабарлаған болатын.
Жаңалықтар
0